Полицейлер ақмолалықтарды қырағылығын жоғалтпауға және белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сенбеуге шақырады

Полицейлер ақмолалықтарды қырағылығын жоғалтпауға және белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сенбеуге шақырады

 Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын оған қатысты алаяқтық әрекеттер жасағаны туралы арызбен жүгінді.
Әйелдің айтуынша, оған таңертең өзін "интернет-алаяқтықтан қорғау жөніндегі ХҚКО" қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалып, оның атына алаяқтар бес банкте несие ресімдеді деп мәлімдеді. Қоңырау шалушы оларды жабу үшін шұғыл түрде жаңа несие алуды талап етті.
Алаяқтың нұсқауларын орындай отырып, әйел банктен 10 млн. теңгеге несие алып, картаны ашып, оған барлық соманы салды. Кейінірек қаскүнем қайтадан қоңырау шалып, несиені жабу сылтауымен карта нөмірі мен СМС-кодты сұрады. Кодты бергеннен кейін жәбірленушінің шотынан барлық ақша қаражаттары шығарылды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін, Полиция департаменті ешқашан карта деректері мен СМС-кодтарды телефон арқылы жібермеуге кеңес береді.
Күмәнді қоңыраулар түскен кезде - телефонды қойып, сізге қоңырау шалған банктің немесе мекеменің ресми қолдау қызметіне қайта қоңырау шалыңыз.
Егде жастағы туыстарыңызбен сөйлесіңіз - олар көбінесе алаяқтардың нысанасына айналады.