Мобильді қосымшадан ақша ұрлау

Мобильді қосымшадан ақша ұрлау

Жарқайың ауданының полиция бөліміне Державинск қаласының 35 жастағы тұрғынынан ұрлық фактісі туралы өтініш келіп түсті.
Әйел 2025 жылдың 13 сәуірінде белгісіз тұлға банктің мобильді қосымшасындағы шотынан 199 мың 655 теңге сомасына ақша қаражатын заңсыз алынғанын айтты.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушінің қазіргі уақытта бірге тұрмайтын жұбайы заңсыз әрекеттер жасағаны анықталды.
Ер адам әйелдің үйіне сағат 00:30 шамасында кіріп, ұялы телефонын алып, қашып кеткені анықталды. Кейінірек ол банктік қосымшадан ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті цифрлық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын еске салады: мобильді құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе олар ашық тұрса. Күрделі құпия сөздерді орнатыңыз және биометриялық қорғауды қосыңыз.
PIN-кодтарыңызды, банк қосымшаларының құпия сөздерін немесе SMS кодын ешкімге айтпаныз. Телефон жоғалған немесе ұрланған кезде қолдау қызметі арқылы банк қосымшаларына кіруді дереу блоктаңыз. Екі факторлы аутентификацияны орнатыңыз, егор ол қарастырылған болса.