Ақмолалық бір кеште екі ауыл тұрғынының үйіне басып кірді

Ақмолалық бір кеште екі ауыл тұрғынының үйіне басып кірді

Бұланды ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны жүгінді. Әйел 13 сәуірде сағат 22:05 шамасында оның танысы, 32 жастағы ауыл тұрғыны кіреберіс есігіне зақым келтіріп, үйіне заңсыз кіргенін айтты.
Бірнеше сағаттан кейін полицияға тағы бір жергілікті тұрғын осындай мәлімдеме жасады, ол сол күні кешкі сағат 22:45 шамасында есікті зақымдап, оның үйіне басып кіргенін хабарлады.
Полиция бөлімі тұлғаны анықтады, оның қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетейік, бөтен біреудің үйіне кіру, тек оның иесінің рұқсатымен мүмкін. Тұрмыстық жанжалдар, қызғаныш немесе "сөйлесуге" деген ұмтылыс күндіз де, түнде де зорлық — зомбылық басып кіруді ақтамайды.
Сонымен қатар, егер сіз бұрын жақын қарым — қатынаста болсаңыз-бұл басқа біреудің үйіне рұқсатсыз кіруге құқық бермейді.
Сондай-ақ, бөтен адамның үйіне ену әрекеті тіркеліп, қылмыс құрамы ретінде қарастырылуы мүмкін.