Целиноград ауданында патрульдеушілер құжатсыз екі шетелдік азаматты анықтады, олардың біреуі шығарып жіберу ісі бойынша, екінш ісі алимент төлемегені үшін іздеуде болған

Целиноград ауданында патрульдеушілер құжатсыз екі шетелдік азаматты анықтады, олардың біреуі шығарып жіберу ісі бойынша, екінш ісі алимент төлемегені үшін іздеуде болған

Целиноград ауданындағы «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 1225 шақырымында автожолды патрульдеу барысында патрульдік полиция қызметкерлері "Шевролет Кобальт"маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер автомобиль салонындағы шетел азаматтарына назар аударды. Оларда өзімен құжаттар болмағаны белігілі болып шықты.
Патрульдеушілер азаматтарды дереу полицияның учаскелік пунктіне әрі қарай тексеру үшін жеткізді. Бұл бекер емес болып шықты. Учаскелік полиция инспекторларытексеру барысында, олардың біреуін елордалық құқық қорғау органдары шығарып жіберу туралы іс бойынша іздеуде, ал екіншісін Қостанай облысының полициясы алимент төлемегені үшін іздеуде жүргенін анықтады. Осыдан кейін полиция іздестіру бастамашыларына хабарлап, жазаның бұл тартпастығы үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.
Полицейлер шетел азаматтарын Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ көші-қон заңнамасының нормаларын сақтау қажеттігі туралы ескертеді.