
Степногорск қ. тергеушілерінің өндірісінде жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша екі қылмыстық іс бар. Бірінші жағдайда, қала тұрғыны бала киімін сатып алғысы келгенде бейтаныс адамға 30 000 теңгеден астам ақшасын берді, екінші жағдайда ер адам өз көлігіне тіркемеге тапсырыс беріп, интернет – алаяқтарға тап болды. Ақмолалық жоқ тауарды 360 000 теңгеге сатып алды. Бір қызығы, екі жағдайда да жәбірленушілер әлеуметтік желілерден сату туралы хабарландыруларды тауып, тауардың бар екеніне көз жеткізбей, ақша аударған. Қаскүнемдердің тағы бір құрбаны Атбасар қаласының тұрғыны болды, ол 107 000 теңгеге массажер сатып алғысы келген.
Ал облыс орталығының тұрғыны ағасының WhatsApp мессенджерін бұзған алаяқтарға 150 000 мың теңге аударды. Жақын туысынан қарызға ақша беру туралыхабарлама алған әйел, қажетті соманы бірден ойланбастан аударған. Аталған факті бойынша Көкшетау қаласының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.