Ақмола полициясының әлеуметтік желілері бұрыннан адамдар жаңалықтарды біліп қана қоймай, алғыс білдіретін орынға айналды. Күн сайын Instagram директісіне ондаған хабарламалар келіп түседі, онда өңір тұрғындары полицейлерге көмектері үшін шын жүректен алғыс айтады. Өткен жылдың өзінде ведомстволық аккаунттың жеке хабарламаларына 100-ге жуық алғыс хат келіп түскен.
Біреуі өмірін сақтап қалғаны үшін, біреулері қылмысты жедел ашқаны үшін, ал біреуі адамгершілігі үшін алғысын білдіреді. Осындай хаттардың бірі 7 наурызда келді.
«Менің қалыңдығымды құтқарған полицейлерге үлкен рахмет! Оларсыз осы жағдай қалай аяқталатыны жан түршіктіреді».
Бұл алғыстың оқиғасы Астана – Петропавловск тасжолында орын алды. Жастар жолда кетіп бара жатқанда, қыз кенеттен өзін нашар сезінген. Көп ұзамай қызда тырыспа басталды, ал жас жігіт үрейленіп, көмек іздеуге тырысты.
Бақытымызға орай, сол сәтте трассаны полиция аға лейтенанты Айбол Қабдуалиев пен полиция кіші лейтенанты Ержан Қожантаев патрульдеді. Олар дәл 180 шақырымдағы жерде болған, олардың алдында ақ көлік келіп тоқтаған. Жүргізуші жүгіріп шығып, демінен тұншығып, көмек сұрады.
Полицейлер дереу автокөлікті жақын маңдағы Макинск қаласына апару туралы шешім қабылдады, себебі жолдың бұл бөлігінде медициналық пункттер жоқ.
Жол бойында олар ТЖМ мен жедел жәрдемге хабарласып, дәрігерлер бригадасы қалалық көпірдің астында көлікті күтуге келісті.
Жүргізушінің қатты шошып кеткені соншалық, полицейлердің бірі рульге отыруды ұсынды, алайда ол автокөлікті өзі басқара алатынын айтты, ал тәртіп сақшылары оның қауіпсіздігі үшін ілесіп жүруді қамтамасыз етті.
Небәрі 7 минуттан кейін автокөлік қызды дәрігерлер күтіп тұрған жерге келді.
Кейін аға лейтенант Айбол Қабдуалиев өз сөзінде:
«Мен 10 жылдан астам жол полициясында жұмыс істеп келемін. Осы уақыт ішінде көптеген жағдайлар болды, алғашқы көмек көрсеттік. Әрине бұл біздің жұмысымыз, бірақ адамдар алғыс айтқан кезде — бұл шабыттандырады. Сенің қызметін бекер еместігін түсінесін».
Ақмола полицейлері көмектескен қызбен болған оқиға жүздеген оқиғаның бірі ғана, бірақ дәл осы сәттер адамның қатысуы мен кәсібилігі, өмірді сақтап қалу мүмкіндігін дәлелдейді.