Ақмола полицейлері жүргізушілерді барынша мұқият болуға шақырады: автокөлікті басқарған әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақмола полицейлері жүргізушілерді барынша мұқият болуға шақырады: автокөлікті басқарған әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, Ақмола облысының жолдарында жол-көлік оқиғалары жалғасуда. Әсіресе жол-көлік оқиғаларында балалар жарақат алса алаңдатушылық туғызады.
Мәселен, 15 ақпанда Көкшетау қаласының полициясына "Звоночек" аялдамасының жанында жаяу жүргіншіні соғып кеткены туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері HyundaiAccent көлігін басқарған 49 жастағы әйелдің бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жолдан өтіп бара жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені алдын ала анықталды.
Зардап шеккен студент ауруханаға сынықпен жеткізілді.
Осы факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
ЖКО жиілеп кетуіне байланысты, ертеңнен бастап Ақмола облысында апаттылықтың алдын алуға бағытталған кең ауқымды «Қауіпсіз жол» республикалық акциясы басталады.