Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті ЖШС бірінен 2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында кәсіпорында 4 млн.теңгеден астам жымқыру орын алғаны туралы өтініш келіп түсті.
Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ЖШС-де экспедитор болып жұмыс істеген екі жергілікті тұрғынның іске қатысы болуы мүмкін екендігі анықталды. Полицейлер олардың ықтимал қатысуын тексеруде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұн жеткізумен айналысатын экспедиторлар тұтынушылар өнімді қарызға алды деп айтқан. Алайда, есеп айырысулар іс жүзінде қолма-қол ақшамен жүргізілгені анықталды.
Осыған байланысты полицейлер кәсіпкерлерге кадрларды іріктеу кезінде өз қызметкерлерін мұқият тексеруді ұсынады.
Тергеу әрекеттері жалғасуда.