Көкшетауда кісі өлтірді деген күдіктіні ізің суытпай ұстаған әскери қызметшілер марапатталды

Көкшетауда кісі өлтірді деген күдіктіні ізің суытпай ұстаған әскери қызметшілер марапатталды

Полиция департаментінің бастығы полковник Нұрсұлтан Мукашев кісі өлтірді деген күдіктіні жедел ұстаған төрт әскери қызметшіге алғыс хат табыс етті. Салтанатты марапаттау рәсімі 5510 әскери бөлімінің алаңында өтті. Департаменттің бірінші басшысы ұландарға сөз сөйлеп, оларға “ізің суытпай” қылмысты ашудағы жедел және шебер әрекеттері үшін алғысын білдірді. Әскери жасақ бастығы аға сержант Жанғазы Шайхинге, жедел мақсаттағы 1 батальон бөлінісінің командирі сержант Руслан Кульмаганов және 1 батальонның сарбаздары Мұнлықжан Муталиев пен Мавланбек Мирталиповке алғыс хаттар табысталды. Полковник Нұрсұлтан Мукашев алғыс хаттардан басқа, әскери бөлімнің командирі Берік Қожахметовке "Шевролет Кобальт" маркалы қызметтік автокөліктің кілттерін табыс етті. Жаңа автокөлік қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі бірінші кезектегі міндеттерді шешуде қолданылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда Көкшетау қаласында әскери жасақпен аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталды. Қызмет атқару кезінде әскери қызметшілер үш күдікті ер адамды байқап, құжаттарды тексеруге шешім қабылдады. Ұсталғандардың бірінен ұландар үшінші тұлғаға тиесілі жеке куәлікті тапты. Полиция бөліміне жеткізілгеннен кейін ер адам кісі өлтіріп, қашып кеткені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, полиция тергеу жүргізуде. Әскери жасақ бастығы Жанғазы Шайхиннің айтуынша, сарбаздар М.Муталиев пен М.Мирталипов тексеру кезінде өзін агрессивті ұстаған және әскери қызметшілердің талаптарын орындаудан бас тартқан күдіктіні ұстау кезінде кәсібилік пен батылдық танытты. Айта кетейік, сарбаздар Ақмола облысына Алматы және Түркістан қалаларынан қызметке келген. Күн сайын патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесе отырып, сарбаздар облыс орталығының көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне қатысады. Жаяу жасақтар қаладағы жедел жағдайды бақылайды, көшелерді патрульдейді, сондай-ақ барлық бұқаралық іс-шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысады.