Ақмола облысында заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Ақмола облысында заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

5 қаңтарда Аршалы ауданының полиция бөліміне аңшылық шаруашылықтарының бірінің басшысы жүгінді. Ол қорықшының рейдтік аралап шығу барысында елік терісі мен орман алқабында жануардың ату іздері табылғанын хабарлады.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу келді. Полицейлер қарда жүретін көлік пен жануар қанының ізі қалдырған жолды аңду кезінде, оларды жақын маңдағы ауылдардың бірінің тұрғынының үйіне апарды.
Үйдің аумағында орналасқан гаражды тексеру барысында полиция қызметкерлері еліктің ұшасы мен қарда жүретін көлікті тапты.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.