Ақмола полицейлері трассада сынған көлікте қалған отбасына көмектесті

Ақмола полицейлері трассада сынған көлікте қалған отбасына көмектесті

Автокөлікті сүйреген сәттен басталған бейнені алғыс білдірген жүргізуші жіберді.
Оқиға 10 қаңтарда "Екатеринбург-Алматы" автожолында болған. Патрульдік полиция батальонының 3-ші взводының инспекторы полицияның аға лейтенанты Жапар Райымбеков пен лейтенант Азат Ақанов қызмет атқару кезінде жол жиегінде бұзылған автокөлікті көрді. Жүргізуші Астанадан Атбасар қаласына бара жатқан екен, бірақ жолда көлік тоқтап қалды. Жүргізушінің өзінен басқа салонда оның отбасы мүшелері де болды. Полицейлер бірден азаматтарға көмектесуге асықты. Бұзылу себебін білу мүмкін болмағандықтан, патрульдік экипаж көлікті арқанмен сүйреп ең жақын станцияға апару туралы шешім қабылдады.
Құтқару сәтін жүргізуші ұялы телефонының камерасына түсіріп, содан кейін Instagram-дағы Департаменттің ресми парақшасына бейне және алғыс сөздерін жіберді.
"Мен отбасымен бірге болдым, рахмет айтқым келеді, соңына дейін менімен бірге болды және барынша көмек көрсетті. ТҚС тауып беріп, шай берді", - деп жазды mkrzhev лақап атымен алғыс білдірген жүргізуші (автордың емлесі мен тыныс белгілері сақталған).
Айта кету керек, Ақмола автожолдарында мұндай жағдайлар күн сайын дерлік орын алады: әсіресе қысқы кезеңде бұзылған көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына көмекке бірінші болып полиция жасақтары келеді. Тәртіп сақшылары азаматтардан көлік құралының техникалық жағдайын, әсіресе алыс қашықтыққа барар алдында мұқият тексеруді сұрайды.