10 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

10 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

Ақмола полицейлері 2012 жылдан бері іздеуде жүрген әйелді ұстады. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Жалпы шығын сомасы 19,5 млн теңгені құрайды.
Алғашқы өтініш 2012 жылғы 2 қазанда 37 жастағы жәбірленушіден келіп түсті, ол бейтаныс әйелдің 665 мың теңге сомасында оның ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгенін айтты.
Полицейлер анықтағандай 13 адам зардап шекті, олардың барлығы облыс орталығының тұрғындары. Зардап шеккендердің айтуынша, алаяқ олармен кездейсоқ таныс болған, ол біреуінен пәтер жалдаған, басқалармен таксиде танысқан. Олардың барлығына пәтер сатып алуға көмектесетін мүмкіндігі бар екенін айтып, өз қызметтерін ұсынған. Осылайша алаяқ 13 адамды алдады.
Содан кейін Көкшетау полицейлері әйелді анықтау үшін барлық қажетті шараларды жүргізді, бірақ бәрі нәтижесіз болды. Тек 2024 жылы ғана олар Алматы қаласында күдіктіні анықтай алды. Белгілі болғандай ол деректерін өзгерткен. Қазіргі уақытта алаяқ қамауға алынды. Іс сотқа жолданды.