200-ден астам ақмолалықтар үйде құжатталған

200-ден астам ақмолалықтар үйде құжатталған

Ақмола полицейлері мүгедектігі бар, құжаттары жоқ азаматтарға олардың құқықтық мәртебесін анықтау және құжаттандыру үшін көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
Олардың қатарында Көкшетау қаласының тұрғыны да бар, ол 1 топтағы мүгедектігі бар, церебральды сал ауруы диагнозы қойылған 2020 жылы туған қыз.
Балаға шетелге шығып емделу үшін Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қажет болғандықтан, Көкшетау қ. ПБ көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы Жанат Кулмамбетов тұрғылықты жері бойынша қыздың отбасына барды.
Балаға барлық қажетті қызметтер үйде ұсынылды.
Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап өңір аумағында Ақмола облысының көші-қон қызметі құрылымдарының қызметкерлері тұрғылықты жеріне барып, 211 ақмолалықты құжаттады, оның 89-ы Көкшетау қаласы бойынша.
Үйде мемлекеттік қызмет алушылардың барлығы 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар ақмолалықтар, денсаулығы бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалар, яғни ХҚКО-на өз бетінше келе алмайтын азаматтар.