Қыздан есірткі полицейлері "а - PVP" психотроптық затын аса ірі мөлшерде тәркіледі.
Ақмола облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл құрылымының қызметкерлерімен психотроптық заттарды белгі қою арқылы тарататын есірткі курьерін кезекті ұстауы жүргізілді.
Полиция қызметкерлері заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін облыс орталығына арнайы келген Щучинск қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Ұстау кезінде қызда тыйым салынған заттың 15 түйіндісі табылды, ал алынған синтетикалық есірткінің салмағы 9,5 грамнан асты, бұл өте үлкен мөлшерге жатады.
Ұсталған адамның айтуынша, оған интернетте есірткі курьері ретінде жұмыс ұсынылған. Күдүкті еш жерде оқымағандықтан және жұмыс істемегендіктен, уәде етілген табыс оған тартымды болып көрінді және ол келісті. Куратордың нұсқауы бойынша қыз Көкшетауға келіп, "бірінші жұмыс күні" ұсталды.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.