Ақмола облысының Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жыл сайын жол-көлік оқиғаларына жол бермеу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жол қозғалысын қадағалау бойынша тұрақты негізде мақсатты жұмыс жүргізуде, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесін цифрландыру және автоматтандыру деңгейін арттыру, апаттылықты азайту және азаматтарда көлік жүргізу мәдениетін тәрбиелеу мәселелері қаралуда.
Мәселен, бүгінде Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен 84 бірлік сатып алынып, пайдалануға берілді. 77 стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешендердің ішінен: "Крис-П" 2 бірлік; "Multiradar SD-580" 3 бірлік; "Zerek" 4 бірлік; "Интегра-КДД" 5 бірлік; "Сергек" 24 бірлік; "Автоураган-ВСМ2" стационарлық кешендері 39 бірлік; жылжымалы кешендер: "EkinPatrol G2" 2 бірлік,"Автоураган МС" 2 бірлік, "SergekPatrol" 3 бірлік.
Осы құрылғылардың арқасында полицейлер жылдамдық режимінің 150 мыңнан астам бұзылуын тіркей алды. Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеудің осындай стационарлық және жылжымалы автоматты жүйелерін енгізу апаттылықтың төмендеуіне оң әсер етеді, өйткені ЖКО негізгі факторларының бірі КҚ жүргізушілерінің жылдамдықты асыруы болып табылады.
Талдау көрсеткендей, мұндай кешендерді қолдану орындарында жол оқиғаларының жалпы санының төмендеуі және, тиісінше, олардың зардаптарының ауырлығы байқалады.
Осылайша, бүгінгі таңда жол қозғалысы ережелерін бұзу камераларын қолдану облыс жолдарындағы апатты жағдайлардың алдын алу мен азайтудың ең тиімді әдісі болып табылады.
Полицейлер облыстың барлық тұрғындары мен қонақтарына жол-көлік оқиғалары мен өзге де жағымсыз салдарларды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауға жүгінеді.