Ақмолалық кафеге тамақ ішуге кіріп, қыздан ұялы телефон ұрлады

Ақмолалық кафеге тамақ ішуге кіріп, қыздан ұялы телефон ұрлады

 14 маусымда Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп, оның кәмелетке толмаған немересі кафеде "Samsung Galaxy" маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткенін хабарлады. Залал сомасы 81 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады.
Ұрлық болған күні, қатты найзағайдың салдарынан елді мекенде электр қуатының апаттық сөнуі орын алғаны белгілі болды. Жарықтың сөнуінен туындаған келушілердің есішыққанын пайдаланып, зиянкес қыз отырған үстелде жатқан телефонды алып, қашып кетті.
Ер адам мекеменің жанында жұмыс істейтіні және түскі асқа кіргені белгілі болды. Қазіргі уақытта мобильді құрылғы тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін полицейлер қоғамдық орындарда жеке заттарды: құжаттарды, ұялы телефондарды, сөмкелерді, аяқ киімдерді, киімдерді және т. б. қараусыз қалдырмауға кеңес береді.