Ақмола облысында ерлі-зайыптылар өз ақшаларын алаяқтарға қалай бере жаздағандарын айтып берді

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар өз ақшаларын алаяқтарға қалай бере жаздағандарын айтып берді

Ақмола облысында алаяқтық фактісі алдын алды, соның арқасында ерлі-зайыптылар ақшалай қаражаттың жоғалуын болдырмады.
Ағымдағы жылдың 27 наурызында Заводская кентінің тұрғынының айтуынша, оның телефонына шетелдік нөмірден белгісіз ер адам қоңырау шалып, ол өзін ұялы компанияның қызметкері ретінде таныстырды және оған SIM картасының жарамдылық мерзімі аяқталғанын хабарлады.
Белгісіз адам өзіне тиесілі телефон нөмірін ұзартуды талап етті. Содан кейін қоңырау шалушы әйелден оның нөміріне келетін кодты айтуын өтінді.
Бұдан әрі ақмолалыққа "қауіпсіздік қызметі" қызметкерлерінен қоңырау келіп түсті, олар қазіргі уақытта оның атына несие рәсімдеуге әрекет жасалып жатқанын хабарлады, оның күшін жою үшін, олардың айтуынша, HopToDesk қосымшасын жүктеу қажет болған.
Осы қосымшаны орнатқаннан кейін әйелдің телефоны дұрыс жұмыс жасамай қалған . Күдіктенген әйел адам, жұбайымен кеңесіп, Степногорск қ. ПБ Заводская учаскелік инспекторы Айбек Жамбыловтан көмек сұрады.
Полиция қызметкері қосымшаны дереу ақмолалықтын телефонынан жойып тастады. Сұрастыру барысында белгісіз біреулер қазақстандық үш банктің атауын айтқан, полицей сол банктерге дереу хабарласа отырып, зейнеткердің шоттарын бұғаттау қажеттігі туралы хабарлағаны белгілі болды.
Бұл оқиға ақмолалықтардың қырағылығының және учаскелік полиция инспекторының жедел іс-қимылының арқасында алаяқтардың қылмыстық әрекеттерінен қауіпті зардаптарды болдырмауға мүмкіндік бергенінің айқын мысалы болып табылады.