Ақмола полицейлері "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ барысында қылмыстық құқық бұзушының орналасқан жерін анықтады

Ақмола полицейлері "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ барысында қылмыстық құқық бұзушының орналасқан жерін анықтады

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Щучинск қаласының аумағында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Талдықорған қаласының полиция басқармасында іздеуде тұрған қылмыскерді ұстады.

Қазіргі уақытта, бұрын ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру"бойынша сотталған  пробациялық бақылаудан жасырынған қылмыскер қамауда.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу, алдын алу шараларын арттыру, сондай-ақ көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 наурызынан бастап облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. 

Өткен кезеңде Ақмола облысында 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік мас күйінде пайда болу фактілері 150, ұсақ бұзақылық жасау фактілері 176, түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болған 143 кәмелетке толмағандар анықталды.

 Патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері мас күйінде автокөлікті басқарған 36 құқық бұзушы жүргізушіні және жылдамдықты асырғаны үшін 1 мыңға жуық адамды ұстады.

  Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған 2 мың 687 есептік адамды тексерді.

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.