Ақмола облысында "Ақбөкен" кең ауқымды республикалық акциясы басталды

Ақмола облысында "Ақбөкен" кең ауқымды республикалық акциясы басталды

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 1-31 желтоқсан аралығында Ақмола облысының аумағында "Ақбөкен" кең ауқымды республикалық акциясы өткізілуде.
Полиция қызметкерлері облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының "ОХОЗООПРОМ" АМКҚ қызметкерлерімен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану, оның ішінде өсімдіктер, жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен туындыларын өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыратын болады.