Бурабай курорттық аймағында полицейлер денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы қылмыстық істі тергеп жатыр

Бурабай курорттық аймағында полицейлер денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы қылмыстық істі тергеп жатыр

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында сағат 12.15-те Бурабай аудандық
полициясының кезекші бөліміне жергілікті "Авиценна Бурабай"
ауруханасының медбикесінен "Өкпеге еніп, іш қуысының тесілген-кесілген
жарасы" диагнозы қойылған 41 жастағы ер адамның көмек сұрағаны туралы
телефон хабарламасы келіп түсті.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ер адамның мас күйінде
байқаусызда арматураның үйіндісіне құлағанын анықтады.
Бірақ жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер
жәбірленушіге бірлескен ішімдік ішкеннен кейін оның азаматтық әйелі
пышақ салғанын алдын ала анықтады. Қазіргі уақытта полицейлер 50
жастағы әйелдің оған қатысы бар-жоғын тексеруде.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК 106-бабы "Денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Сараптама тағайындалды.