
Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елордалық тұрғынның Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысатыны туралы ақпарат алды. 2022 жылғы 15 желтоқсанда есірткі полицейлері күдіктіні ұстауды жүзеге асырды. Нәтижесінде 480 грамнан астам а-PVP және 363 грамм эфедрон тәркіленді. Сот отырысы барысында ер адам өзінің кінәсін ішінара мойындады, есірткі тасымалдағанын, оған қауіп төніп тұрғанын және тыйым салынған заттарды таратуға мәжбүр болғанын айтты. Алайда, есірткі сатушының барлық дәлелдері жоққа шығарылды және кінәсі толық дәлелденді. Сот үкімімен 36 жастағы сотталушы ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалды.