Ақмола облысында "Ақбөкен" жедел профилактикалық іс-шарасы басталады

Ақмола облысында "Ақбөкен" жедел профилактикалық іс-шарасы басталады

Ақмола облысы ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімшелері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, браконьерлікпен байланысты қылмыстарды анықтау, ақбөкендерді заңсыз аулаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында өңір аумағында "Ақбөкен" кең ауқымды республикалық акциясы өткізілетін болады.
Айта кету керек, ақбөкен аулауға мүлдем тыйым салынған жануарлардың түрлеріне жатады және оны атуға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мен мүдделі мемлекеттік органдар ақбөкендердің ең көп мекендейтін жерлері орналасқан жерлерде ғана емес, бүкіл өңірде де тұрақты негізде профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Естеріңізге сала кетсек, ақбөкендерді заңсыз аулау, өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкін тәркілей отыра 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершілігіне әкеп соғады. Сонымен қатар, мүйізді ақбөкен үшін залал 1500 АЕК (5.175.000 теңге), ақбөкеннің аналығы мен төлі үшін залал 1050 АЕК-ні (3.622.500 теңге) құрайды.