Көкшетауда жоғалып кеткен 16 жасар қыз елордадан табылды

Көкшетауда жоғалып кеткен 16 жасар қыз елордадан табылды

Жасөспірім Ақмола облысы полиция департаменті қызметкерлерінің Сары Арқа ауданы полиция басқармасының әріптестерімен белсенді өзара іс-қимылының арқасында табылды.
Естеріңізге сала кетсек, жасөспірім қыз ағымдағы жылдың 4 сәуірі күні сағат 16:00 шамасында үйден кетіп қалған. Жоғалған кәмелетке толмағанды іздестіруге Көкшетау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы, берілген күштер, жұртшылық пен еріктілер бағытталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қыздың белгілері бар бағдарды Whats app мессенджерінің көмегімен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері белсенді түрде таратып, чаттарға ақпарат жіберді. Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде қызды елорданың полиция қызметкерлері елордалық мекемелердің бірінде көріп, бұл туралы ақмолалық әріптестеріне хабарлады.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жалғасуда.