Ақмола тұрғыны құрылыс жұмыстары кезінде зардап шекті

Ақмола тұрғыны құрылыс жұмыстары кезінде зардап шекті

Көкшетау қаласының полиция басқармасына "Оң жақтағы білектің үштен бір бөлігінің травматикалық ампутациясы, оң жақтағы иықтың жабық сынуы" диагнозымен стационарға ер адамның жеткізілгені туралы облыс орталығының медицина мекемелері қызметкерінің телефон арқылы хабарламасы келіп түсті.
Жазатайым оқиға ағымдағы жылдың 28 наурызында жұмыс орнында болғаны алдын ала анықталды. Құрылыс жұмыстары кезінде ер адамның қолы бетон араластырғыш арасында қалып қойған. Жәбірленуші, Щучинск қаласының 49 жастағы тұрғыны ауруханаға жатқызылды.
Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі "еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.