Ағымдағы жылдың 10 қазанында Бастау ауылында болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын зерделеу барысында полицейлерге автокөліктің ұрланғаны белгілі болды. Сағат 20:00 шамасында "ВАЗ 2106" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, велосипедпен соқтығысқан. Зардап шеккендер саны жоқ. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Қадірбек Нұрболат жүргізушінің жеке басын анықтады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол жеңіл дәрежелі мас күйінде болған. 38 жастағы ақмолалыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы 2-бөлігі (жүргізушінің жол-көлік оқиғасы болған жердің жол қозғалысы ережелерін бұза қалдыруы) және ҚР ӘҚБтК 608-бабы 3- бөлігі (көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Ақмолалықтың айтуынша, автокөлік оның досы-34 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі, олар бірге Бастау ауылына жұмыс істеу үшін келген. Досы көліктің кілтін қайда сақтайтынын білген ол көлікке отырып, ауылдың шетінде тұратын досына барып, апатқа ұшыраған. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі "автокөлікті заңсыз иемдену" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақмола полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады. Автокөлік тек көлік құралы ғана емес, сонымен бірге жоғары қауіп көзі болып табылады. Сақ болыңыз және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеңіз.