Ақмола полицейлері ауыл және қала мектептерінің жанында жол белгілерін орнатуда

Ақмола полицейлері ауыл және қала мектептерінің жанында жол белгілерін орнатуда

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ақмола құқық қорғаушылары орта оқу орындарының жанындағы жол инфрақұрылымының жай-күйін тексеру кең ауқымды жұмысын бастады.
19 шілдеден бастап әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызмектерлері Ақмола жолдарына 471 тексеріс жұмыстарын жүргізді, оның 184-і ауыл және қала мектептеріне жақын орналасқан. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша автожолдарды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін 39 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында полиция қызметкерлерінің міндеттерінің бірі – мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәртіп сақшыларының бастамасы бойынша орта оқу орындарына іргелес аумақта қосымша 12 жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды, оның үшеуі реттелетін, 9-ы реттелмейтін. Сондай-ақ тәртіп сақшылары мен құзіретті қызметтер Атбасар, Ерейментау, Қорғалжын, Сандықтау, Зеренді және Есіл аудандары мектептерінің жанында 49 жол белгісін, облыс орталығы Көкшетау қаласы мектептерінің жанында 6 белгіні орнатты. Жылдамдық режимін реттеу және төмендету үшін 6 Ақмола мектебінің жанында жасанды кедергілер орнатылды.
Өкінішке орай, биыл өңірдегі автожолдарда балалардың қатысуымен 98 жол-көлік оқиғасы орын алды.