Бурабай ауданында ер адам жұмыс берушінің ақшалай қаражатына ставка жасаған

Бурабай ауданында ер адам жұмыс берушінің ақшалай қаражатына ставка жасаған

Ағымдағы жылдың 15 тамызында Бурбай АПБ-на Бурабай кентіндегі ЖШС-нің бірінің қызметкерінің өтініші келіп түсті, ол 31 шілдеден 8 тамызға дейінгі аралықта белгісіз жағдайларда кәсіпорыннан 1 млн. 50 мың теңге сомасында ақшалай қаражат жоғалғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол ІІО органдарында "алаяқ" санаты бойынша есепте тұған Щучинск қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам кәсіпорынның қызметкері болған және ЖШС бухгалтериясына кіру рұқсаты болған.
Күдіктінің міндетіне қонақ үйлердің бірінің кассасынан күнделікті түсімді алу және ақшалай қаражатты ЖШС-нің бухгалтериясына тапсыру кірген. Осылайша, қаржылық қаражатқа қолжетімділікті пайдаланған қаскөй бір апта бойы букмекерлік кеңседе ставкалар жасай отырып, ұйымның ақшалай қаражатын пайдаланған.
Бурабай АПБ аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігі "бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.