Назар аударыңыз! Іздеу

Назар аударыңыз! Іздеу
Ағымдағы жылғы 22 қарашада Көкшетау қ. ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 53 жастағы тұрғыны қызы Ахмеджанова Әсел Қаппасқызын іздестіру шараларын қабылдау туралы өтінішпен жүгінді, ол 2021 жылғы 19 қарашада сағат шамамен 00:00-де балаларын үйде қалдырып үйден белгісіз бағытта кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Аталған факті бойынша Көкшетау қ.ПБ-нің жеке құрамы мен оған берілген күштері бағдарланып, хабар-ошарсыз кеткен адамды табу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Хабар-ошарсыз кеткен әйел бойынша толық бағдар Ақмола облысы ПД барлық бөлімшелеріне жолданды.
Ахмеджанова Әсел Қаппасқызы, 1993 жылы туған, кәмелетке толмаған екі баласы бар, некеде тұрмайды. Белгілері: бойы 160-165 см, дене бітімі орташа, шашы иықтан төмен, ерні қалың, мұрны түзу.
Киімі: жамбасқа дейін қара түсті қалпақшасы бар матадан жасалған куртка, қара түсті тоқылған бас киім, сұр түсті трико, ашық қоңыр түсті кроссовка.
Ә.Ахметжанованың қайда екенін білетін адамдардан (7162) 29-96-00 нөміріне немесе 102 желісіне хабарлауыңызды сұраймын.