Ақмола облысында автокөлік ұрлаушы жол апатына ұшырады

Ақмола облысында автокөлік ұрлаушы жол апатына ұшырады

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Целиноград АПБ кезекші бөліміне жақын маңдағы ауылдардың бірінің тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ер адам өзіне тиесілі "Газель"маркалы автокөлікті айдап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 8 млн. теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік полиция инспекторы майор Андрей Ломако күдіктіні анықтады, ол жәбірленушінің 35 жастағы жерлесі болып шықты. Иесінің айтуынша, көлік үйдің ауласында болған, ұрланғанға дейін ол жылыту үшін оталдарып қойған.
Қаскүнем оталған көлікті көріп, рульге отырды және оны басқара алмады, 300 метрден аспай, электр бағанына соқты. Аталған факті бойынша 200-баптың 1-бөлігі "Автомобильді заңсыз иелену"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.