Ақмола облысында мас клиент дәмхананың қызметкерін балағаттап, қол көтерді

Ақмола облысында мас клиент дәмхананың қызметкерін балағаттап, қол көтерді

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 00.26-да Көкшетау қ.ПБ кезекші бөліміне облыс орталығындағы дәмханалардың бірінің қызметкерінен бұзақылық туралы арыз түсті.
Мекемеге 50 жастағы келуші анықталды, мас күйінде, дәмхана қызметкерімен сөзге келіп қалған. Әйел жәбірленушіге дене жарақатын салғаннан кейін, дәмхана қызметкерлері полиция нарядын шақырды. Оқиға орнына келген учаскелік инспектор қаскүнемді полицияның полиция пунктіне жеткізді.
Аталған факті ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.