"Екатеринбург-Алматы" автожолында жол апаты орын алды. Қаза тапқандар мен жарақаттандар бар

"Екатеринбург-Алматы" автожолында жол апаты орын алды. Қаза тапқандар мен жарақаттандар бар
Ағымдағы жылдың 23 қарашасында сағат 00.10 - да Жақсы АПБ кезекші бөліміне Перекатное бекетінің жанындағы "Екатеринбург-Алматы" автожолының 967 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Алдын ала анықталғандай, "Hyundai Sоlaris"маркалы автокөлігінің жүргізушісі, Нұр-Сұлтан қаласының 52 жастағы тұрғыны Қостанай қаласы бағытында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Атбасар қаласының 59 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан " Audi в-4 "маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Hyundai Sоlaris" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттардан қайтыс болды, екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары.
Орталық аудандық аурухананың қабылдау бөліміне түрлі жарақаттармен "Audi в-4" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, "Hyundai Sоlaris"маркалы автокөлігінің жолаушысы жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.