Ақмола облысының аумағында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы басталды

Ақмола облысының аумағында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы басталды

25 қарашадан бастап бүкіл республика аумағында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы басталады, акция 10 желтоқсанға дейін жалғасады.
16 күн ішінде полицейлер, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша күш-жігерді шоғырландырады.
Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері ішкі істер органдарының тұрақты назарындағы отбасыларды тексереді.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері тұрмыстағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін Ақмола полицейлері 900-ден астам құқық бұзушыны, оның ішінде 300 үй тиранын әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 800-ден астам әкімшілік хаттама жасады.