Ақмола полициясының басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Ақмола полициясының басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин азаматтарды жеке қабылдады. Полиция ведомствосының басшысы Ақмола облысының 10 тұрғынын қабылдады, олар қылмыстық істерді тергеу мәселелері бойынша жүгінді. Азаматтардың негізгі бөлігін полиция генерал-майоры офлайн режимде қабылдады, жүгінген азаматтардың бірімен ZOOM арқылы онлайн режимде сөйлесті. Қабылдау барысында әрбір өтініш бойынша басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Азаматтардың полиция жұмысына қатысты барлық өзекті және проблемалық мәселелері Ақмола облысының бас полицейінің жеке бақылауында.
Жыл басынан бері Полиция департаментінің бастығы 251 адамды қабылдады. Өткізілген қабылдау нәтижесінде 149 мәселе оң шешімін тапты, 78 мәселе қаралуда. 24 қылмыстық іс бойынша ұзақ уақыт өтуіне байланысты оларды қарауға ұзақ мерзім талап етіледі.
Жеке қабылдауға 29-10-23 телефонына қоңырау шалу арқылы жазылуға болады. «Сондай-ақ азаматтар маған facebook арқылы хабарласа алады", - деп атап өтті Арманбек Хакімбекұлы.