2021 жылдың басынан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 50 әйел Ақмола облысының дағдарыс орталықтарына орналастырылды

2021 жылдың басынан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 50 әйел Ақмола облысының дағдарыс орталықтарына орналастырылды

Ақмола облысында 9-16 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел-алдын алу шарасы басталды. Полиция қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдармен және бірлестіктермен бірлесіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған профилактиканың жаңа нысандарын қолдана отырып, бірқатар іс-шаралар өткізеді.
Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел мен құқық қорғау органдары арасындағы белсенді делдалдар ең алдымен, дағдарыс орталықтары. Баспаналарда сенім телефондары жұмыс істейді, олар бойынша жәбірленушілер жүгінеді, оларға кеңестер, психологиялық, заңдық, әлеуметтік және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында Көкшетау, Щучинск, Степногорск, Ерейментау қалаларында, Целиноград ауданына қызмет көрсете отырып, Ақмол ауылында дағдарыс орталықтары өз қызметін жүзеге асыруда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айында Атбасар, Жарқайың және Бұланды аудандарында қосымша орталықтар ашылды. Жалпы 2021 жылдың 5 айында орталықтарға 174 адам орналастырылды,оның ішінде 124 бала.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған өңір тұрғындарына тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуді ұсынады. Шұғыл көмек керек жағдайда-102 телефоны бойынша полицияның кезекші бөліміне, ұялы телефонынан шұғыл шақыру102/112 нөмірлеріне.
Полиция қызметкерімен әңгіме барысында сіз өзіңізге қатысты жасалған зорлық-зомбылық фактісі туралы бәрін айтып, жәбірлеушіге шара қолдану туралы өтініш және болған жағдай туралы толық түсіндірме жазуыңыз керек.
Физикалық зорлық-зомбылық жағдайында полиция қызметкері материалды сотқа жеке тәртіпте жолдайды. Сізге Уәлиханов көшесі 200-үй мекенжайы бойынша орналасқан сот-медициналық сараптама филиалының ғимаратында медициналық тексеруден өту қажет.
СМС білікті маман сізді тексеріп, соққылардың іздерін жазып, бірнеше күннен кейін құзыретті қорытынды шығарады. Сарапшылар сізді мұқият тексеріп, физикалық зорлық-зомбылықтың іздерін жазып, шешім қабылдауы үшін полицияға уақтылы жүгіну және сараптамадан өту қажеттілігіне назар аударамыз.
Сарапшының қорытындысына, яғни денсаулыққа қандай зиян келтірілгеніне байланысты – жеңіл, орташа, ауыр дәрежеде –жәбірлеушіге қатысты нақты шаралар қабылданатын болады.