«Есірткісіз болашақ» - балалардың көзімен

«Есірткісіз болашақ» - балалардың көзімен

Дәл осындай ұранмен, 2021 жылғы 11 маусымда «Bolashaq Saraiy» сарайында "Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған асфальтта сурет салу конкурсы өтті.
Аталған акция Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Bolashaq Saraiy» ШЖҚ МКК және Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден бас тарту, дұрыс басымдықтарды белгілей білу. Конкурсқа қатысқан балалар 8 жастан 14 жасқа дейін. Барлық қатысушылар байқау тақырыбына еніп, өз суреттерін түсіндіруге аса мән берілді.
Іс-шара нәтижесінде барлық балаларға тәттілер таратылды.