Көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілер мас күйінде рульге отырды

Көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілер мас күйінде рульге отырды
Ақмола облысының аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының өсуіне ықпал ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған көшелерде, жолдың жүру бөлігінде және іргелес аумақтарда рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Ағымдағы жылдың 9 маусымында сағат 22:00-де «Буран 13» экипажымен Ақсу кентінің 31 жастағы тұрғынының басқаруында болған «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Степногорск қаласының полиция басқармасының патрульдік полиция взводының инспекторларымен сөйлескен жүргізуші өзін агрессивті ұстады. Бұл күдік тудырды. Аға лейтенант Нұрлан Қуанышпаев пен кіші лейтенант Ерсаин Аксарин медициналық куәландырудан өтуді ұсынды. Медициналық сарапшының қорытындысына сәйкес, жүргізуші трамадолды қолданудан туындаған есірткілік мас күйде болған. Тексеру кезінде бұл жүргізушінің 2019 жылғы наурызда көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Ер адам өз кінәсін мойындады. Қазақстан Республикасы ҚК 346-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Осыған ұқсас тағы бір факт Зеренді ауылында анықталды. «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясында жол қозғалысын бақылауды жүзеге асыра отырып, 2021 жылғы 10 маусымда патрульдік полиция тобының инспекторлары аға сержант Егінбек Нұрсұлтан мен лейтенант Қайырлы Қайсенов 29 жастағы ауыл тұрғынының басқаруымен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ «Reiser» маркалы мотоциклді тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер алкогольдің өткір иісін сезіп, әйелге медициналық тексеруден өтуді ұсынды. Ол көлік құралын басқарудан шеттетіліп, сараптамадан өту үшін аудандық ауруханаға жеткізілді. Кезекші дәрігердің қорытындысына сәйкес, әйел «орташа дәрежеде» мас күйінде болған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері әйелдің Зеренді аудандық сотының шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылғанын анықтады. Қазақстан Республикасы ҚК 346-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ақмола полицейлері азаматтарды мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады! Өз өміріңізге және басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеңіз.