Ақмола облысында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, екі бала ауруханаға жатқызылды

Ақмола облысында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, екі бала ауруханаға жатқызылды

Ағымдағы жылдың 16 мамырында сағат 14.45-те Зеренді АПБ кезекші бөліміне "Көкшетау-Атбасар" автожолының 14-ші шақырымында зардап шеккендер бар ЖКО болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері "Toyota land cruiser" маркалы автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында жүріп өтіп, басып озу маневрін жасап, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан "Nissan maxima" маркалы автокөлігімен соқтығысуға жол бергенін анықтады. Соққыдан "Nissan maxima" автокөлігі Көкшетау қаласының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Mitsubishi Canter" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
ЖКО нәтижесінде Көкшетау қаласының жергілікті облыстық ауруханасына түрлі жарақаттармен: "Mitsubishi Canter" маркалы автокөлігінің жүргізушісі, "Nissan Maxima"маркалы автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы жеткізілді. "Nissan Maxima" а/м жолаушылары - кәмелетке толмаған екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. "Toyota Land Cruiser" а/м жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сараптама тағайындалды.