Өгей ұлы әкесіне үш шағын несие ұйымында онлайн несие ресімдеген

Өгей ұлы әкесіне үш шағын несие ұйымында онлайн несие ресімдеген

2021 жылдың 11 сәуірінде Көкшетау қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасауда  күдіктіні ұстады. Жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларын облыс орталығының 69 жастағы тұрғынының келіп түскен өтініші бойынша жүргізді. Күдікті - бұрын анасымен некеде болған өтініш берушінің 1991 ж.т. өгей баласы.

Үш микрокредиттік ұйымда несиелік берешегінің болуына байланысты жәбірленушінің зейнетақы шоты бұғатталған. Тергеу барысында, бұған дейін жәбірленуші күдіктіге алынған несиелер келіп түскен жеке банк картасы мен оның паролі бергені анықталды, ал несиені рәсімдеу үшін құжаттардың көшірмелерін ұсыну жеткілікті.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдіктіге қатысты «келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.