Полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлер кеңесі және жеке құрамы Жармағамбетов Амангелді Шәріпұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады

Полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлер кеңесі және жеке құрамы Жармағамбетов Амангелді Шәріпұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады

Полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлер кеңесі және жеке құрамы отставкадағы милиция генерал-майоры Жармағамбетов Амангелді Шәріпұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Амангелді Шәріпұлы біз үшін әрқашан өз мамандығына шексіз берілгендіктің үлгісі болады.

Ол жеке құрамға жақсы басшы, жауапты және мұқият болды. Біз шынайы досымызды, жолдасымызды, пікірлесімізді жоғалттық.

Амангелді Шәріпұлы 1942 жылы 15 қаңтарда Целиноград облысы Сілеті ауданының Бестөбе кентінде дүниеге келген. 1959 жылы 8 сыныпты бітіріп, Бестөбе автобазасына жүргізушілер курсына түсті, 1960 жылға дейін жүргізуші болып жұмыс істеді.

1964 жылы Щучье тау-кен металлургиялық техникумын бітірді, Қаратау қаласында "Молодежная" шахтасында бұрғылаушы болып жұмыс істеді.

1964 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Түркістан әскери округінің әскери бөлімдерінде және Алматы қаласында әскери борышын өтеді.

1967 жылдан бастап әскерден қайтқаннан кейін Целиноград облысы Сілеті ауданы "Бестөбе" кенішінің "Западная" шахтасының тау-кен мастері болып жұмыс істеді.

1970 ж. ішкі істер органдарында қызметін бастады, әр жылдары Целиноград облысы Ерейментау АІІБ Бестөбе КМБ аға инспекторы, Целиноград облысы Сілеті АІІБ Бестөбе КМБ бастығы, Жезқазған облысы Теңіз аудандық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

1981 жылы Амангелді Шәріпұлы КСРО ІІМ Академиясына жіберіліп, оны бітіргеннен кейін Целиноград облыстық атқару комитетінің ІІБ қоғамдық тәртіпті қорғау бөлімін басқарды.

1984-1990 жылдары-Көліктегі Ішкі істер басқармасының орынбасары, кейін бастығы.

1990-1995 жылдар аралығында – Торғай облысы ІІБ бастығы,

ал 1995 жылы Көкшетау облысының ІІБ басқарды. Амангелді Шәріпұлы Көкшетау облысы ІІБ соңғы бастығы болды (кейін әкімшілік-аумақтық бөлінісіне байланысты Көкшетау облысы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді). А.Ш. Жармағамбетов күрделі кезеңде – Кеңес Одағының ыдырауы, жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы, түрлі ұйымдасқан қылмыстық топтар әрекет еткен кезде қылмыстың өршуі кезеңінде басшы болды. Алайда барлық қиындықтарға қарамастан, Амангелді Шәріпұлы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындады. 1997 жылы милиция генерал-майоры Жармағамбетов Амангелді Шәріпұлы демалысқа шығады.

Қызмет еткен уақытында А.Ш.Жармағамбетов бірнеше рет көтермеленді, "КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісімен, 1,2,3 дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен, "Еңбек ардагері" медалімен, "1941-1945 жж. ҰОС Жеңісіне 20 жыл" медалімен, "қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша үздік қызметі үшін" медалімен марапатталды, ҚР ІІМ құрметті ардагері. Оның еңбек жолы – Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгісі.