2021 жылдың 23 ақпанында отставкадағы милиция майоры Қорғанбай Нүкұлы Абдрахманов 70 жылдық мерейтойын атап өтеді

2021 жылдың 23 ақпанында отставкадағы милиция майоры Қорғанбай Нүкұлы Абдрахманов 70 жылдық мерейтойын атап өтеді

Ол 1951 жылы 23 ақпанда Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында 7 ұл, 3 қыз тәрбиелеген үлкен және тату отбасында дүниеге келген. Қорғанбай Нүкұлының тұлғасын қалыптастыруға НКВД аға жедел уәкілі болған әкесі Нүк Абдрахманов үлкен ықпал етті. Ішкі істер органдарында бірнеше ұрпақ қызмет ететін отбасыларда патриотизм, ар-намыс, қызметтік парыз сияқты ұғымдар жай сөз емес. Әулеттерде қызметке деген құрмет, парызға адалдық, кәсіптің беделі бала кезінен қалыптасады. Болашақта кейіпкеріміз әкесінің жұмысын жалғастыруды шешетіні таңқаларлық емес.
1965 жылы мектептің 8 сыныбын бітіргеннен кейін Қатаркөл зооветеринарлық техникумына оқуға түсті. 1967 жылы техникумды «техник-мал маманы» біліктілігімен бітірді. 1967 жылдың қазан айында «Искра» совхозында ветеринар болып жұмыс істеді, сонымен бірге кешкі мектепте 10-сыныпта оқыды. 1968 жылы Еңбекшілдер аудандық әскери комиссариаты Қорғанбай Нүкұлын жүргізушілердің 3 айлық курсына жіберді. Курсты аяқтағаннан кейін «Искра» совхозында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1969 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылды. Германиядағы Кеңес әскерлері тобында қызмет етті. Әскерден оралғаннан кейін «Искра» совхозында жұмысын жалғастырды. Кейін ішкі істер органдарына қызметке орналасты.
К.Н. Абдрахмановтың қызметі Заозерный кентінің милиция бөлімшесінде басталды. 1972 жылдың желтоқсан айында Ақсу КМБ кезекшісінің көмекшісі болып ауыстырылды. 1975 жылдың мамыр айынан Заозерный КМБ жанындағы күзет бөлімшесінің милиционері қызметін атқарды.
1987 жылы Воронеж арнайы милиция орта мектебін бітірді, ал 1988 жылы Степногорск ҚІІБ жанындағы күзет бөлімінің кезекші инспекторы бос лауазымына қабылданды. Қызмет еткен уақытында өзін күзет бөлімшесінің қызметін реттейтін нормативтік актілер мен құжаттардың талаптарын практикада шебер қолданатын сауатты, атқарушы және адал қызметкер ретінде көрсетті. 1993 жылы Ақсу КМБ Сілеті АІІБ жанындағы күзет бөлімшесінің бастығы болып тағайындалды. 1994 жылы Заозерный КМБ бастығы лауазымына тағайындалды. 1995 жылы Заозерный КМБ Көкшетау ІІБ-нің қарамағына беруге байланысты Қ.Н. Абдрахманов Еңбекшілдер АІІБ-нің аға учаскелік инспекторы лауазымына тағайындалды. 1995-1996 жылдары Степногорск ҚІІБ медициналық айықтырғышының кезекші-инспекторы. 1996 жылдың ақпанынан 1998 жылға дейін Степногорск ҚІІБ медициналық айықтырғышының бастығы болды. 1998 жылдан 2000 жылға дейін Степногорск АІІБ уақытша ұстау изоляторының бастығы болып жұмыс істеді. 2000 жылдың мамыр айында майор шенімен құрметті демалысқа шықты.
Құқық қорғау органдарындағы жұмысы кезінде Қорғанбай Нүкұлы өзін жақсы жағынан көрсетіп, жұмысына адал қарады. Тұрақты негізде жалпы білім беру деңгейін арттырумен айналысты.
Әріптестері Қорғанбай Нүкұлы туралы: «ол жедел жағдайда жақсы бағдарланған, қиын жағдайларда тез және сауатты шешім қабылдайды», - деп айтады.
Қ.Н. Абдрахманов күзетілетін объектілерге енген қылмыскерлерді ұстауға бірнеше рет жеке өзі қатысты, ол үшін көтермелеуі бар. Мерейтой иесінің құқық қорғау органдарындағы қызметі 1, 2, 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған. 2017 жылы Қорғанбай Нүкұлы «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапатталды.
Әкесінің жолын қуған - Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі, мерейтой иесінің қызы Гүлмира Қорғанбайқызы Бейсенова. «Адал, әділ, қайырымды» - Гүлмира Қорғанбайқызы әкесін осылай сипаттайды.
Абдрахмановтар әулеті-дәстүрлердің сақталуы мен сабақтастығының, таңдаған кәсібі мен өмір жолына құрметпен қараудың жарқын үлгісі.
Қорғанбай Нүкұлын мерейтойымен құттықтаймыз, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз!