Ақмола облысының кейбір автожолдарында қар мен желдің салдарынан жолдар жабылды

Ақмола облысының кейбір автожолдарында қар мен желдің салдарынан жолдар жабылды

23.02.2021 жылы Полиция департаментінің жеке құрамы ауа райының қолайсыз болуына (қар түрінде жауын-шашын, боран, көрінуді шектеу) республикалық маңызы бар келесі автожолдар бойынша көліктің барлық түрлері үшін қозғалысты жабуды ұйымдастырды:
- сағат 07-30-да "Жақсы-Есіл-Бұзылық" а/ж (Жақсы кенті-Бұзылық ауылы, Есіл ауданы);
- сағат 07-30-да "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" а/ж (Сұрған ауылы-Қостанай облысының шекарасы);
- сағат 07-30-да "Жезқазған-Петропавловск" а/ж (Қостанай және СҚО шекарасынан Жарқайың, Есіл аудандары);
- сағат 07-30-да "Екатеринбург-Алматы" а\ж (Жақсы ауылы-Атбасар қаласы);
- сағат 09-00-де "Екатеринбург-Алматы" а\д (Жақсы ауылы-Атбасар қаласы);
- сағат 09-00-де "Көкшетау-Атбасар"»;
- сағат 10-30-да "Щучинск-Зеренді"»;
Осыған байланысты полиция барлық автокөлік жүргізушілеріне жолда өте мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, қауіпсіз қашықтық пен автомобильдер арасындағы аралықты таңдауға, сондай-ақ көлікті басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін кенеттен маневрлерден аулақ болуға кеңес береді. Жолдың жүру бөлігіне жақын жерде нашар көріну жағдайында жаяу жүргіншілер мұқият және абай болу керек. Мұндай ауа райы жағдайында, қараңғыда, жаяу жүргіншілер жолда жарық қайтаратын элементтердің көмегімен өздерінің көрінуін қамтамасыз етуі керек.