Ақмола облысында масқұмар ойыннан жеңілген жергілікті ойын клубының бірінде жанжал шығарды

Ақмола облысында масқұмар ойыннан жеңілген жергілікті ойын клубының бірінде жанжал шығарды

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Атбасар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 57 жастағы жергілікті тұрғыннан "Лото" ойын клубына келген ойыншы жанжал шығарғаны, монитор мен компьютер процессорын сындырғаны туралы арыз келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мекемеге материалдық зиян келтірген бұрын сотталған ер адамның ойын клубының бірнеше реет клиенті болғанын анықтады.

Мас құқық бұзушының айтуынша, бұрын ол ойын клубында бірнеше реет ақшасын ұтылған, бірақ тоқтай алмай, қайтадан келген.

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында ер адамның айғағы бойынша ол 200 000 теңгеден ұтылып, осы себеппен мекемеде жанжалшығарған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдіктіге қатысты «келу міндеттемесі» мәжбүрлеу шарасытаңдалды.