
Целиноград ауданында полицейлер ауылдық әкімдік ғимаратынан планшет ұрлығының күдіктісін анықтады.
Полицияға күдікті жас жігіт туралы ақпарат жергілікті дәмханалардың біріндегі бейнебақылау камералары зерттелгеннен кейін келіп түсті. Жас жігіт ғимаратқа терезе арқылы кіріп, жасырынған. Дәмхана иелері оқиға туралы дереу полицияға хабарлап, бейнежазбаны берді. Жазбада негізінен күдіктінің сұлбасы ғана түсірілгеніне қарамастан, оның белгілерін анықтау мүмкіндігі болды.
Алынған бағдар дереу патрульдік нарядтар мен учаскелік инспекторларға берілді. Іздеуге учаскелік полиция инспекторлары полиция капитандары Н.Ж.Иманбеков пен Н.М.Маукен қосылды.
11 тамызда патрульшілер 2004 жылы туған, сипаттамаға сәйкес келетін жас жігітті көшеде байқады. Тексеру кезінде одан планшет табылды.
Анықталғандай, құрылғы ауданның ауылдық елді мекендерінің бірінің әкімдік ғимаратынан ұрланған. Ауыл әкімі планшетін танып, оның жоғалып кеткенін бұрын анықтағанын айтып түсіндірді, бірақ жоғалтып алған шығармын деп полицияға жүгінбеген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік инспекторлар бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, күдіктінің жеке басын анықтады.
Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Ұрланған планшет тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ауыл әкімі учаскелік инспекторларға жедел жұмысы және мүлікті қайтаруға көмектескені үшін алғысын білдірді.