
Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, нәтижесінде жергілікті кәсіпкер 2,5 миллион теңгеден астам сомаға мүлкінен айырылды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші мен күдіктінің арасында үй-жайды ондағы жабдықпен жалға алу және кейін бизнесті сатып алу туралы ауызша келісім болған. Алайда, күдікті өз міндеттемелерін орындаудың орнына, иесінің сенімін пайдаланып, өз қалауы бойынша басқа біреудің мүлкін басқарған.
Полицейлер анықтағандай, алдымен ер адам жабдықтың бір бөлігін ломбардқа тапсырып, мәмілені өз атына ресімдеген. Кепілге қойылған мүліктің ішінде Avalon маркалы екі теледидар, екі PlayStation 5 Slim ойын құралы және төрт ойын контроллері болды.
Кейін күдікті мүліктің екінші жартысын қайта шығарып, бұл жолы ломбардқа тағы екі теледидар, ойын құралдары, джойстиктер, сондай-ақ Pico 4 виртуалды шындық көзілдірігін тапсырған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде бизнес иесіне жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға, сондай-ақ дәлелдемелер базасын жинауға және бекітуге бағытталған тергеу іс-шараларының кешенін жүргізуде. Тергеу қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.