Көкшетауда притондардың қызметіне тосқауыл қойылды. Полиция 2 миллион теңге тәркіледі

Көкшетауда притондардың қызметіне тосқауыл қойылды. Полиция 2 миллион теңге тәркіледі

Ақмола облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Көкшетаудың жалдамалы пәтерлеріндегі притондардың қызметін тоқтатты. Жұмыс жыл сайын 30 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар шеңберінде жүргізілді.
Притондарды ұйымдастыру және ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 1 миллион 857 мың теңге, тергеу үшін маңызы бар ұялы телефондар мен өзге де заттар тәркіленді. Сондай - ақ, полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен адамдарды анықтады.
Ақмола облысының полиция департаменті адам саудасына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ притондар мен жеңгетайлықты ұйымдастыруға байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу ерекше бақылауда екенін атап айтады. Өңірде мұндай қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.