Бурабайда полиция үш жасар баланы жедел ауруханаға жеткізді

Бурабайда полиция үш жасар баланы жедел ауруханаға жеткізді

Бурабай кентінде полиция қызметкерлері жағдайы күрт нашарлаған үш жасар баланы жедел түрде ауруханаға жеткізді.
Оқиға 5 шілдеде болды. Бала кенеттен ауырып, жағдайы нашарлаған. Бурабай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері аға лейтенант Мерей Асылқанов пен капитан Бауыржан Ғалымов баланы шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізуге көмектесті.
Полицейлердің уақтылы және үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала қажетті медициналық көмек алды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.
Баланың анасы Ақмола облысының Полиция департаментіне шын жүректен алғыс сөздерін білдірді. Ол қызметкерлерге кәсібилігі, жеделдігі және маңызды сәтте көмекке келуге дайындығы үшін алғысын айтты.
Полиция төтенше жағдайларда азаматтарға көмек көрсету Ішкі істер органдары қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.