
30 маусым күні кешке Степногорск қаласының полициясына 13 жасар қыздың белгісіз бағытта жоғалып кеткені туралы дабыл келіп түсті. Мазасы кеткен ана қызының үйден кетіп, телефон қоңырауларына жауап бермей жатқанын айтты. Әйел полиция қызметкерлерінен баланы іздеуде көмек сұрады.
Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеу шараларына кірісті. Іздеу тобының құрамына учаскелік инспектор полиция лейтенанты Әділ Кутушев кірді. Қыздың анасымен бірге ол қараңғыда да іздеу жұмыстарын жалғастырды.
Полиция қызметкері қала сыртындағы техникалық ғимараттар мен аумаққа ерекше назар аударды. Ол әр минуттың маңызды екенін түсінді.
Іздеу тек таңертең аяқталды. Сағат 4:30 шамасында қыз даладан табылды. Қараңғыда жасөспірім бағдар жоғалтып, үйге бағытты өз бетінше анықтай алмаған.
Қыз дереу анасына табысталды. Өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.
Іздеу сәтті аяқталған соң Степногорск тұрғыны әлеуметтік желілерде полицейге шын жүректен алғыс сөздерін жазды:
"Көптеген адамдар үмітін үзген кезде, ол іздеуді тоқтатпады және менің қызымды іздеуді жалғастырды...Жанқиярлығыңыз, жауапкершілігіңіз және біздің отбасымызға ең қымбаттыны қайтарғаныңыз үшін рақмет. Біз бұны ешқашан ұмытпаймыз..».