Украина тұрғыны Ақмола облысындағы жолда көрсеткен көмегі үшін полицейлерге алғыс білдіреді

Украина тұрғыны Ақмола облысындағы жолда көрсеткен көмегі үшін полицейлерге алғыс білдіреді

Алғыс айту-бұл облыс автожолдарын күндіз-түні қызмет атқарып жүргендер үшін қосымша ынталандыру, олардың міндеті әрқашан сергек болу және кез-келген жағдайда көмекке келу.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 18 қараша қараған түні "Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті" автожолының 58 шақырымында фургон жүргізушісінің көлік құралында электрқұрылғысы істен шыққан және оған түні бойы жарықты күтуге тура келді, өйткені фараларсыз ол өз жолын жалғастыра алмады.
Жүргізушінің айтуынша, ол елордадан азық-түлікті жеткізу үшін жүк тиелген тіркемесі бар автокөлікпен Павлодар қаласына бара жатқан.
Жүргізушінің айтуынша, ол бірнеше сағат бойы жолда тұрған кезде бірде-бір жүргізуші тоқтамаған, және де автокөлікпен не болғанын сұрамаған.
Алайда, ПД патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары полиция лейтенанты Торғаев Батыр-Баян мен полиция лейтенанты Тұрар Нұрғазы тоқтап, тоқтау себебін сұрауды шешті.
Полицейлердің айтуынша, көлікте қозғалыссыз отырған ер адам тоңған, оған алдымен қызметтік автокөлікте жылынуды ұсынған, оны бірден тамақтандырған, жолға қажеттінің бәрін сатып алған және таңертең оны жолға жіберген.
Өз кезегінде Украина азаматы болып табылатын жүргізуші Дораш Анатолий Леонидович Қазақстан Республикасының полиция қызметкерлері үшін алғыс сөздерімен бейне үндеу жазуға шешім қабылдады.
Украина азаматының айтуынша «...Полицейлер жолдардағы жүргізушілерге шынымен қамқорлық жасайды, және бұл қызмет Қазақстанда жұмыс істейді...».
Тәртіп сақшылары мұндай сәттердің қызмет ету кезінде жиі кездесетінін атап өтті.
"Қыста қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмектесеміз, көліктегі ақауларды бірге жойып, қызметтік автокөліктерде жүргізушілер мен жолаушыларды жылытамыз, ал жазда тас жолда ақауы бар автокөліктерге көмектесеміз", – дейді полицейлер.
"Ауысымға түсе отырып, қызметкерлер кез келген жағдайда жүргізушілерге көмекке бағытталады, — деп атап өтті ПД патрульдік полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов. - Олардың ешқайсысы өз әрекеттерін керемет деп санамайды. Дегенмен, адамдардан келіп түсетін қарапайым алғыс сөздер, одан әрі қызмет етуге үлкен ынталандыру болып табылады».