Спорт тауарларын сату сылтауымен азаматтарды алдаған алаяқты Ақмола облысының киберполициясы ұстады

Спорт тауарларын сату сылтауымен азаматтарды алдаған алаяқты Ақмола облысының киберполициясы ұстады

Ақмола облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Алматы қаласының аумағында интернет-алаяқтық сериясының күдіктісін анықтап, ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы ер адам танымал интернет-ресурста спорт тауарларын сату туралы хабарландырулар орналастырған. Осыдан кейін WhatsApp мессенджері арқылы әлеуетті сатып алушылармен хат алмасып, оларды ақшаны алдын-ала төлем немесе тауардың толық төлемі ретінде аударуға көндірген.
Ақшаны алғаннан кейін қаскөй байланысқа шығуды тоқтатып, өзіне алған міндеттемелерді орындамаған.
Қазіргі уақытта күдіктінің құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен Ақмола облысының төрт тұрғыны анықталды. Залал сомасы анықталуда. Полицейлер зардап шеккендердің саны, соның ішінде елдің басқа аймақтарының тұрғындары арасында айтарлықтай көп болуы мүмкін екенін айтады.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілу үстінде.
Полицейлер азаматтарды онлайн сатып алу кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады: тауарды алу кепілдігінсіз бейтаныс адамдарға ақша аудармау, сатушы туралы ақпаратты мұқият зерделеу, пікірлерді тексеру және мүмкіндігінше қауіпсіз төлем және жеткізу қызметтерін пайдалану.