
Аршалы ауданының полиция қызметкерлері жергілікті елді мекендердің бірінің мектеп аумағынан мүлік ұрлығының бетін ашты.
13 маусымда полиция бөліміне ауыл мектебінің директоры металл қоршау мен құрылыс тақтайларының ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша, ұрлық 10-13 маусым аралығында жасалған, ал келтірілген залал сомасы шамамен 300 мың теңгені құрады.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтады. Олар осы оқу орнының қызметкерлері болып шықты. Қазіргі уақытта олардың қатысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тексерілуде.
Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полицейлер лауазымы мен жұмыс орнына қарамастан, бөтеннің мүлкін ұрлау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады. Ұйымдардың басшыларына материалдық құндылықтардың тиісті есебін қамтамасыз ету, бөгде адамдардың мүлікті сақтау орындарына кіруін шектеу, ал құқыққа қайшы әрекеттер фактілері анықталған кезде дереу полицияға жүгіну ұсынылады.